background
image1 image2 image3

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі


Музей

       Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі облысымыздағы ғылыми – зерттеу, мәдени–ағарту, насихаттау жөніндегі ірі  мәдени ошақтың бірі. 1929жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен шаңырақ көтерді.

       Музей экспозициясы  Отандық тарих пен өлке тарихының негізгі кезендерін зерттеп, білім алудың дерек көздеріне айналды.

        104 мыңнан аса экспонаты бар музей қоры оның ең басты көрсеткіші мен мақтанышы.Олар–минералогия, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары.

       Отандық және шетелдік құрылымдармен тәжірибе алмасу ұлғайып келеді .         

        Музей Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Орал, Орынбор, Уфа, Санкт-Петербург т.б. музейлермен музейаралық байланыстар жүргізеді.

       Музейде жыл сайын  «Орынбор түбіт шәлісі»  көрмесі  өткізіледі. 

       Музей мақтанышы зергерлік бұйымдардың 29 туындысы Түркияда  Анкара, Стамбул қалаларында өткен көрмелерге қойылды.

       Астананың атақты музейлері қорынан Ақтөбеде ерекше көрмелер өткізілді. Бірі ҚР Тұңғыш Президенті музейінен әкелінген Н.Назарбаевқа шетел басшылары сыйлаған бағалы сыйлықтар көрмесі, екіншісі Президенттік мәдени орталығынан әкелінген  «Ежелгі қазақ мәдениеті» көрмесінің  аса құнды экспонаттары Алтын адам, Берел алтын аты, зергерлік бұйымдар т.б. жерлестеріміздің керемет  қызығушылығымен ризашылығына ие болды.

       Музей Қазақстандағы музей саласының    жетекші  орталықтарының біріне айналып келеді.

       Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі 1999 жылдан Красноярскідегі «Открытый музей» Халықаралық ассоциациясының мүшесі.

     Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде  тарихи–танымдық, әдеби-музыкалық кештер мен шаралар, «Болашаққа мұра», «Кітапханаға кітап»  акциялары, Халықарлық музейлер күні, Наурыз мерекесі сияқты тарихи-танымдық, мәдени- көпшілік шаралар ұйымдастырылып, қала бойынша экскурсиялар жүргізіліп тұрады.

 Музей құрылымы 5 бөлімнен тұрады.

     - Өлке  табиғаты  бөлімі

     - Археология және этнография бөлімі.                                                    

     - Өлке тарихын зерттеу бөлімі. 

     - Қор бөлімі.

     - Мәдени - көпшілік бөлімі.

Осы бөлімдерге байланысты:

    - Табиғат  залы

    - Археология және этнография залы

    - «Дулығалы дала перзенттері» залы

    - XIX-XX ғасырлардағы өлке тарихы залы.

    - «Ұлы Отан соғысы» залы.

    - «Жарық Жұлдыздар» залы. 

    - «Тәуелсіз Қазақстан» залы

    - Ғарышкерлерге және атақты жерлестерге   арналған залдар болып бөлінеді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі жылына 80 мыңдай келушілерді қабылдайды.                                                                                                                                                                                                                       

      Бүгінгі күні музей қала мен облысымыздың рухани орталығы ретінде, өткен кезеңнің жақсы дәстүрлерін жалғастырып отыр. Өлкеміздің өткені мен бүгінгі жетістіктермен Сіз  тек қана біздің музейде кеңінен таныса аласыз!  

    Қош келдініздер!

           Музейдің    мекен-жайы:

Ақтөбе қаласы. Ы.Алтынсарин    көшесі,  14  үй.

Байланыс  телефондары:   21-13-67,  21-13-68,    21-18-99.

Факс  телефоны:   21-13-67.

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

2019  Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі