background

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

 

29 тамыз күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Ержанов, өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі А.Ертемиров, қорларды ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қ.Талжанов ҚАЖ департаментінің «Қылмыстық атқару жүйесі комитеті КА-168/2» түзеу мекемесінің жазасын өтеушілерге 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Казақстанның Конституциялары», «Ата Заң – ар ожданым», «Ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің дамуындағы мемлекеттік және құқықтық мәселелер» тақырыптарында лекция оқыды.

29 тамыз күні өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Қызылбаева «Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» уақытша ата-ана бақылауынан қараусыз қалған балаларға 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Конституция – основной закон» атты тақырыптық лекция оқыды. 

2019  Актюбинский областной историко-краеведческий музей