background

Чернобыль АЭС-нда болған апатттың 30 жылдығына байланысты «Чернобыль жаңғырығы» атты шара

5 мамыр күні сағат 11.00-де Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен №11 арнаулы орта  мектеп-гимназиясында Чернобыль АЭС-нда болған апаттың 30 жылдығына байланысты «Чернобыль жаңғырығы» атты танымдық шара болып өтті.

Мақсаты: өскелең ұрпаққа Чернобыль апатының тарихымен таныстыру, тигізген зияны мен зардаптарын түсіндіру, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігіне құрмет көрсету, барша адамзат баласы апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерін жұмсауды насихаттау.

Кездесу барысы Чернобыль АЭС-нда болған апатқа елімізден аттанған ерлігі өшпес жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Шараға Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлер, дәрігерлер, эколог мамандар, тарихшылар, студенттер,  мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Слайд арқылы Чернобыль АЭС-нда болған апаттың көріністері көрсетіліп, тарихы таныстырылды. Ақтөбе облысынан апат салдарын жоюға 2000-ға жуық адам аттанғанын, қазіргі кезде 280-дей адам қалғаны жайында мәлімет берілді. ОЗК – жалпы әскери қорғаныш толымы киімі  оқушылар назарына ұсынылып, радиациядан қорғанудың жолдары айтылды.

 Қоршаған ортаны сақтау мақсатында «Жасыл экология» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында  белсене қатысқан адамдарға алғыс хаттар  тапсырылды.

2019  Актюбинский областной историко-краеведческий музей