background

Ел иесі, жер киесі...

12 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өлкетанушы Ілиясова Рысжан Ілиясқызының «Ел иесі, жер киесі...» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Мақсаты: тарихшылар мен өлке тарихын зерттеушілерге, студенттерге, жалпы көпшілік оқырманға осы жинақ арқылы өңірімізден шыққан әулиелер, діни қайраткерлер, бақсылар, көріпкелдер, емші-сынықшылардың өмір жолы мен игі істері туралы кеңінен мағлұматтар беру.

Рысжан Ілиясқызы Ілиясова - облыс пен қаламыздың қоғамдық өмірінде белгілі орны, көрнекті абыройы бар зиялы қауым өкілі. Азаматтық белсенді позициясымен, көп жылғы ұлтжанды еңбегімен мәдениет қызметкерлері арасында үлкен лайықты беделге ие болған, музей ісінің республикадағы майталман білгірі.

Шараға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық дін басқармасы, облыстық және қалалық мәдениет қызметкерлері, музей ардагерлері, достары, өлкетанушылар, қала мектептерінің мұғалімдері, қалалық жас туристер стансасының жас өлкетанушылары, студенттер мен оқытушылар қатысты.  

 

 

2019  Актюбинский областной историко-краеведческий музей