background

«Құралай» атты танымдық шара

12 мамыр күні  №11орта мектеп-гимназиясында «Керқұлан» қоршаған ортаны қорғау  клубының аясында: «Құралай» атты танымдық шара болып өтті.

 Мақсаты: жеткіншек ұрпаққа  киіктерді сақтау, қорғау және олардың өмір сүру тіршілігін насихаттау жөнінде экологиялық тәрбие беру.

Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шара барысында оқушыларға «Ақбөкен» фильмі көрсетіліп, олардың өмір сүру тіршілігі жайында мәлімет берілді. «Құралайдың салқыны» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мамыр айында болатын қатты желдің неліктен «құралайдың салқыны» деп аталатына көз жеткізді.

Оқушылар назарына «Қазақстанның Қызыл кітабы» ұсынылды.Қызыл кітапқа енген құстар мен жануарлар  жайында түсінік берілді.  Әр жануарларға байланысты тапсырмалар берілді. 

Киіктерді аялап, оларды қорғау үшін сұрақтарға жауап беріп, бірнеше тапсырмаларды орындады. С.Сейфуллиннің  «Ақсақ киік» өлеңімәнерлеп оқылды.  Киіктердің қоршаған орта үшін қаншалықты пайдасы бар екендігіне көз жеткізді. Дала жануары киіктердің ерекшеліктері мен сырларының сан алуан екендігін түсінді. Шара соңында №11 орта мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Култаеваға, мұғалімі А.Қ.Беркимбаеваға  алғыс хат тапсырылды. 

2019  Актюбинский областной историко-краеведческий музей